Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өшпейтұғын артынан профиль/акаунт қалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өшпейтұғын артынан профиль/акаунт қалдырған.

Сырттай танитын, араласқан таныстарым айтып келмейтін ажалдың себебінен қазір жер Ананың құшағында. (Жатқан жерлері жайлы болсын) Бір күні түнгі ұйқыны шақыру үшін әлемжеліге кіріп адасып отырғанымда о дүниелік болып кеткен таныстарымның акаунты онлайн боп тұрғанын көргенімде жүрегім мұздап, денем тітіркеніп, екі көзім бұлдырап кетті. Жүрегімде тез соғып кетті ма әйтеуір...Уфф...
Кейіннен осы жағдайды сұрастырып білгенім оның профилінің атынан туыстары отыратынын естіп көңілім орнына түсуіне түсті ғой. Бірақ сонда да ойлайтыным акаунтының паролін ешкімге айтпайтын заманда бұл қалай деймін да. Тіпті кейде, мүмкін өзі отыратын шығар деген ойда келеді  ғажайыпқа сенетін басыма. Бірақ, бәрі де мүмкін ғой... Олар мәңгілік мекенге кеткеннен кейін,  личкасына достары, тірі кезінде олардың ойына кіріп шықпаған, ойламаған сөздерді жазып жіберген де шығар... Тіпті кейбіреулері оларды (желідегі) друзьясынан удалить ❌ етіп тастаған да шығар мен сияқты. Менің бұлай жасаған себебім олардың онлайн болып отқанын қайта қайта көруге менің жүрегім мықты емес еді. Амал жоқ солай етуіме тура келді.
Осы әрекетімнен кейін, оны желідегі Друзьяңнан өшіруін өшіресің ғой, кейін қайта дружба жіберсең қабылдамайтыны көңіліңе ауыр салмақ түсіретінін сездім. Ал егер достығыңды қабылдаған болса, ол емес екенін бәрібір  ішің біліп тұрады.

Құдай жақсы адамдарды алады дейді. Иә...Олар жақсы адамдар еді... Ал,  осыны оқып отырған бізше?! Қандай адам болғанымыз?...
________________________________
P/S: Осындай "тірі-өлік" акаунттардың желіде қала бергені дұрыс па, әлде  желіден бір жола өшіріп тастағаны дұрыс па? Осыған бас қатты...
Пікірлетіңіздер

Ерболат ТҰРСЫНҚОЖА

#интернеттіңбаласы

фейзбук, инстаграм, Ерболат Тұрсынқожа, вконтакте
Ерболат ТурсынкожаЕрболат Турсынкожа
6 жыл бұрын 6999
2 пікір
Блог туралы