Соғыс кезінде немістерді шатастырған 3D суреттер НЕМЕСЕ Ұлы Отан соғысы кезінде Москваны қалай жасырған
Соғыс кезінде немістерді шатастырған 3D суреттер НЕМЕСЕ Ұлы Отан соғысы кезінде Москваны қалай жасырған

Гитлердің әскері Кеңес одағының шекарасына басып кірді. Олардың стратегиялық мақсаты Москваға барып заводтарды, архитектуралық ескерткіштерді сонымен қатар Одақтың символы Мавзолей мен Кремльдің бір кесегін де қалдырмай қиратып жермен жексен ету екені белгілі болды. Кеңес әскері оларға кедергі жасау үшін құрлықтық қорғанысты күшейтті. Бірақ әуе шабуылына тойтарыс беру мүмкін емес еді. Енді не істемек керек? «Кремль мен мавзолейді қалай аман алып қаламыз» деп бас қатырды. Сол кезде Кремль коменданты Спиридонов Кремльді қорғаудың екі жолын ұсынады.
Біріншісі, Кремльдің крестін алып тастап, күнге шағылысқан күмбездерін бояп, шатырлары мен қабырғаларына қарапайым үйдің есік терезенің суретін салу болса. Екіншісі, Жау ұшағы жоғарыдан қарағанда қарапайым үй екен деп ойлайтындай етіп жалған үйлер мен көпірдің суретін ашық алаңдарға салу керек дейді.
Үкімет бұл идеяны қолдап тез арада елдегі барлық архитекторлардың басын қосады. Бұл топқа Борис Михайлович Иофан басшылық жасайды.
Содан 14 шілдеден бастап шатырлар боялып, кресттер алынып, Кремльдің қабырғаларына терезе мен есіктердің суреті салынады. Ашық алаңдарға шатырдың суреттерін салу арқылы жалған үйлердің бейнесін келтіреді. Сөйтіп бүкіл қала тұрғындары Москваға «маскировка» жасайды. Мұндай жасырынудың арқасында жау ұшағы көздегеніне бомбасын дөп тигізе алмады. Оқтары СУРЕТТЕРГЕ кетіп жатты.
Жалпы соғыс жылдарында немістер Москва қаласын 141 рет бомбалаған екен. Сонша шабуылдың ішінен Кремльге сегіз ғана бомба тиіп қатты зиян келтірмеген екен. Архитекторлардың ерен еңбегінің арқасында Мавзолей мен Кремль аман қалып бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

СССР мықты ғой. Жеңіс күні құтты болсын! Əлемде соғыс болмасын!

Суреттерге жақсылап қараңыз!

Ерболат ТҰРСЫНҚОЖА

 

ұлы отан соғысы, Москва, гитлер, 1941-1945, деньпобеды
Ерболат ТурсынкожаЕрболат Турсынкожа
6 жыл бұрын 7937
0 пікір
Блог туралы