Қазіргідей медицина жоқ кезде, көшпелі Қазақтар сынған бас сүйекті қалай емдеген?
Білгіңіз келсе, сөзді көбейітпей. Өмірде болған мына бір (тарихи) жайтты сізге оқытайын.⠀⠀⠀
......Үзінді.....
Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, əлде үйде бөтен біреу болып па еді?- деп сұрайды жылқышы. Сонда Нұрила:
- үйде үлкен енем бала қарап қалып еді,-дейді.
-ə, қақпас, зəлім! - дейді Жантас, - мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нəрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті,-деп Шаян мешітіндегі оташыны (хирург) тез арада алып келеді. ⠀
Оташы: - Нəрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Əйтеуір миы аман екен. Дереу тасбақаның сүйегін тауып əкеліңдер,- дейді. Жылқышылар 3-4 тасбақаның сүйегін əкеледі. Шебер оташы нəрестенің опырылып кеткен сүйек жаңқаларын еппен алып тастап, тасбақаның үстіңгі қабығын жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда жас сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан баланың аты Жарықшақ аталып кетеді.
P/S: Қазіргі кезде дəрігерлер бастағы сынған сүйек жанқаларды алып тастап, орнына пластмассадан жасалған жасанды сүйек қойып жүр. (қателеспесем)
Сіз қалай ойлайсыз? Пластмассадан гөрі, тасбақаның сүйегін қойған сенімді сияқты ғой иа?